МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан аумағындағы ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың есеп беру кездесулері жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес, Мойынты кенті мен Киікті, Босаға ауылдық округтері әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Барлық жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар маңызды әрі өзекті мәселелер көтерілді. Аудан әкімі азаматтардың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, аталған мәселелерді шешу бағытындағы нақты жоспарларды ортаға салып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша аудан әкімі халықты өзге де жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Есептік кездесулерден кейін аудан әкімі М.Мұхтаров елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жай-күйін тексерді.
Айта кетсек, Босаға ауылындағы жаңадан бой көтерген заманауи балалар ойын алаңы мен футбол кортының сапасын бақылады. Сондай-ақ, халыққа ақпарат тарату мақсатында орнатылған жаңа LED экранның жұмысымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1231444?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version