«ӨРТ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 28-29 мамыры күндері Қарағанды облысы әкімінің нұсқамасына сәйкес Шет ауданында дала және орман өрттерінің алдын алу мен оларды жою бойынша «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында практикалық іс-шаралар өтті. Оқу-жаттығудың басты мақсаты — өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алуға азаматтық қорғау жүйесінің дайындық деңгейін арттыру, басқару органдары мен күш-құралдардың өзара іс-қимыл алгоритмін нақтылау, құлақтандыру жүйелерін тексеру және халық арасында өрт қауіпсіздігін түсіндіру болып табылады.
Шара барысында ауа-райының қолайсыздығы (қатты жел, құрғақшылық) ескеріле отырып, екі негізгі практикалық тапсырма пысықталды: ғарыштық мониторинг деректері бойынша Ақсу-Аюлы ауылынан С.Сейфуллин кентіне қарай 2,5 шақырым жердегі дала өртін жою және Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 5 шақырым жердегі орман өртін сөндіру сценарийлері іске асырылды. Хабарлама түскен бойда бекітілген жоспарға сәйкес күштер мен құралдар жедел түрде өрт орындарына бағытталып, үйлесімді әрекет етті.
Аталған оқу-жаттығуға Шет ауданының әкімдігі, ТЖБ, №14 өрт сөндіру бөлімі, №26 өрт сөндіру бекеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1231450?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version