Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Павлодар қаласының теміржол станциясында карантиндік тұйықты өрістете отырып, «Этиологиясы белгісіз қызба» тақырыбында оқу-жаттығу өткізді. Іс-шараға денсаулық сақтау ұйымдары, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, құқық қорғау органдары, теміржол және вокзал қызметтерінің өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу барысында карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқас анықталған жағдайда санитариялық-профилактикалық, емдік және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар науқасты инфекциялық стационарға жатқызу, байланыста болған адамдарды оқшаулау, дезинфекциялық және шектеу іс-шараларын жүргізу мәселелері қарастырылды. Оқу-жаттығу нәтижелері қатысушы қызметтердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын екенін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1231433?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау