Күннің ысуы мен теректің гүлдеу кезеңі басталғанда өрт шығу қаупі күрт артады. Терек түбіті тіпті кішкентай ұшқыннан немесе сөндірілмеген темекі тұқылынан бірден тұтанады.
Түбіттегі өрт өте жылдам таралады: — құрғақ шөп пен қоқыс жанады; — автокөліктер мен ғимараттарға қауіп төнеді; — балалар алаңдары мен аулалардың маңында аса қауіпті.
ТЖД ескертеді: түбітті ермек үшін өртемеңіз; сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз; құрғақ өсімдіктердің жанында от жақпаңыз.
Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік — әр адамның жауапкершілігінен басталады!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау