2026 жылғы 20 мамырда Шал ан ауданында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен балаларға арналған «Құтқарушының бір күні» атты профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар үшін өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Акцияға қатысушыларға өрт сөндіру техникасы, мамандандырылған автокөліктердің жабдықтары таныстырылып, өрт туындаған жағдайда қауіпсіздік ережелері мен іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау және құтқару қызметі саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1235690?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау