Бүгін Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен еңбек қатынастары бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарланған міндетті атқарылуы тиіс жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында Департамент қызметкерлерімен лездеме жиналыс өткізілді.
Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы Департаментке келіп түскен арыз-шағымдардың орындалу тәртібі мен мерзімін қадағалау, жүргізілген тексерулер, сала бойынша талдау, берілген нұсқамалар және олардың орындалуы, ол бойынша орын алған заң бұзушылықтарға қатысты салынған айыппұлдар заңдылығына талдау жасап, сын-ескертпелерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар, өндіріс орындарында орын алатын жазатайым оқиға кезінде міндетті сақтандыру шарттарын жасамаған ұйымдарға мониторинг жасай отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері және зейнетақы жарналарының аударылу заңдылықтарын қадағалау бойынша мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын-алу шараларын күшейту бойынша өткізілген отырысында қозғалған еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге тоқталып өтті.
Жиналыс соңында Департамент басшысы жоғарыда көтерілген мәселелерді ескеруді және қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуы тиіс міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындау тапсырылды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау