алдықорғанда көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықталғандай, 25 жастағы жергілікті тұрғын Infiniti маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, қаланың орталық жағажайы маңында полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Тексеру барысында жүргізушіден масаңдық белгілері байқалып, ол медициналық куәландыруға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, азаматтың седативтік препараттарды қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.
Полиция қызметкерлері жинақтаған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1237332?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау