Түркістан қаласында әскери міндетті азаматтарды оқу-жаттығу жиынына шақыру жұмыстары басталды.
Түркістан облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Түркістан қаласы мен Сауран ауданының 120 әскери міндетті азаматы 10 күндік оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Олар аумақтық қорғаныс бригадасының резервтік құрамына алдын ала бекітіліп, белгіленген тәртіп бойынша іріктеуден өткен.
Жиынның мақсаты – резервтік күштердің жауынгерлік даярлығын арттыру, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің дайындығын күшейту және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету қабілетін жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында қатысушылар саптық және тактикалық дайындықтардан өтіп, әскери машықтарын шыңдайды. Сонымен қатар әскери міндеттілер арнайы жинақтау бекетінде тіркеуден өтіп, әскери-дәрігерлік және психологиялық тексерулерден өткізілуде.
Әскери іс-шара азаматтардың әскери даярлығын нығайтуға, Отан алдындағы жауапкершілігін арттыруға және елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1236997?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау