Арыс қаласында ұлағатты ұстаз, білікті банкир, спорт жанашыры Оразхан Байларұлы Айдаровтың 63 жас мерейтойына орай ересектер арасында республикалық деңгейдегі баскетбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Спорттық додаға Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан келген командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорттағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болды.
Турнирдің ашылу салтанатында Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру – инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі басшысы Айдар Манапов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол Оразхан Байтарұлының білім саласымен қатар Арыс қаласында спорттың дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ жастарды спортқа баулып, көптеген спортшылардың шыңдалуына ықпал еткен азаматтың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Бірнеше күнге созылған жарыс барысында командалар жоғары дайындық пен шеберлік танытып, көрермендерге тартысты кездесулер сыйлады. Нәтижесінде, турнир қорытындысы бойынша І орынды – Арыс қаласының командасы, ІІ орынды – Жамбыл облысының командасы, ал ІІІ орынды – Шиелі құрамасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1237110?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау