Ағымдағы жылдың 4 маусымында Алматы облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Сартова, Қонаев қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ-мен бірлесіп, сондай-ақ адвокаттар мен заң консультанттарының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға нотариат мәселелері және азаматтық-құқықтық даулар бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Аталған іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1237644?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау