Атырауда «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау және облыс аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында 8–12 маусым аралығында «Заңсыз келуші» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Шара барысында тәртіп сақшылары шетел азаматтарының өңірге келуін, олардың Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заң талаптарын сақтауын қадағалайды. Ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген немесе рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген заңсыз мигранттар анықталып, тиісті шаралар қолданылады.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды, сондай-ақ шетел азаматтары жиі шоғырланатын орындарды тексереді.
Айта кету керек, ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге әкімшілік айыппұл немесе ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдануы мүмкін. Ал ереже жүйелі түрде заңнама бұзылған жағдайда, Қазақстанға қайта кіруге бірнеше жылға тыйым салынуы ықтимал.
Сонымен қатар, заңсыз жұмыс күшін пайдаланып отырған жұмыс берушілерге де жауапкершілік қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1237595?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version