АУДАН ӘКІМІ АҚҚҰДЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЕГІС АЛҚАБЫН АРАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов Аққұдық ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында Аққұдық ауылдық округінің әкімі Қайрат Ташенов 2025 жылы және 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Атап айтқанда, ауылдың кіреберіс жолына 14 шақырым асфальт төселіп, ауылішілік көшелерді күтіп ұстау және қыс мезгілінде қардан тазарту жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, орталық саябақ абаттандырылды. Қатынадыр елді мекенінде 50 жарық бағанасы ауыстырылды.

Тұрғындармен ашық диалог барысында жол кедергілерін орнату және иесіз иттерді аулау мәселелері көтерілді. Аудан әкімі көтерілген сұрақтар бойынша түсініктемелер беріп, ұсыныстар бақылауға алынатынын жеткізді.

Кездесуден кейін аудан әкімі «Қайнар» шаруа қожалығының егістік алқабына барып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Шаруа қожалығының басшысымен кездесуде биылғы егіс науқаны, қолданылып жатқан агротехнологиялар және алдағы жоспарлар талқыланды.

Бүгінде шаруашылық алқаптарында алты түрлі ауыл шаруашылығы дақылы егілуде. Аудан әкімі еңбеккерлерге сәтті маусым тілеп, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1237587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version