АУДАН ӘКІМІ НҰРХАН ТЛЕУМҰРАТОВ КӨКТАУ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов Көктау ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында Көктау ауылдық округінде өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Атап айтқанда, ауылішілік көшелерге 5 шақырым асфальт жол төселді. Көктау-1 елді мекеніне орталықтандырылған ауыз су желісі тартылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тозығы жеткен 247 жарық бағанасы жаңартылып, көше жарығы жүйесі жақсартылды.

Алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар қатарында ауылішілік көшелерге қосымша 3 шақырым асфальт жол төсеу көзделген. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көптен бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе – мал қорымын салу жұмыстары басталып, қазіргі таңда тиісті шаралар жүргізілуде.

Тұрғындармен ашық диалог барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланып, көтерілген сұрақтарға түсініктемелер берілді. Аудан әкімі барлық ұсыныстар мен өтініштердің назарға алынып, тиісті жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1237591?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version