Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері Ақжар және Табантал ауылдық округтері аумағында тіркелген ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларына жыл сайынғы міндетті техникалық байқау өткізілді.
Техникалық байқау көктемгі дала жұмыстары мен алдағы мал азығын дайындау науқаны қарсаңында техникалардың техникалық жай-күйін тексеру, оларды қауіпсіз әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарының техникалары, сондай-ақ «Ақжар Агро» ЖШС мен «Елим-Табантал» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы техникалары қамтылды.
Байқау барысында техникалардың жарамдылығы, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және құжаттарының толықтығы тексерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1237437?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау