Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, үшжақты келісімшарттардың орындалуы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлікті дамыту, су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру, арық-атыздарды тазалау және ауыз су жүйелерін ретке келтіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт сөндіру техникаларының жарамдылығы, жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, еңбек келісімшарттарының заң талаптарына сәйкестігі және Отбасының цифрлық картасындағы әлеуметтік осал санаттағы отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Мәжілісте сауда нысандарының сыртқы келбетін ретке келтіру, салық түсімдерін ұлғайту, тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіру, газ сигнализаторларын орнату және мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша да жауапты бөлімдердің есептері тыңдалды.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, белгіленген мерзімде нәтижелі жұмыстар атқару міндеттелді.
Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1237624?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау