Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2026 жылдың 28 мамыр күні Ербол Салықовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, экология, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдауға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу, жасыл екпелерді күтіп ұстау қағидалары, т.б. талқыланып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Отырыс барысында депутаттар қаралған мәселелердің өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, мәдениет саласын қолдауға және облыстың тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті басқарма басшыларының баяндамалары қаперге алынып, тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1236795?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version