Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2026 жылдың 28 мамыр күні Борис Лаврентьевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, экология, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдауға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу, жасыл екпелерді күтіп ұстау қағидалары, т.б. талқыланып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Отырыс барысында депутаттар қаралған мәселелердің өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, мәдениет саласын қолдауға және облыстың тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті басқарма басшыларының баяндамалары қаперге алынып, тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1236749?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version