Мамлют аудандық мәдениет орталығында «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ ұйымдастыруымен мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіліп, профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенова жетекшілік еткен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, сондай-ақ теолог Е.О. Березина қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
– халықтың діни сауаттылығын арттыру;
– діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;
– ауданның діни ахуалына жүргізілген талдау нәтижелері және анықталған тәуекелдер;
– отбасы құндылықтары мен рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтудағы діннің рөлі;
– Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасы.
Қоғамдық келісімді нығайтуға, діни сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған заңнама талаптарын қатаң сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасын жүргізу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-mamlyut/press/news/details/1237729?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау