🔰Ел Президенті үнемі жастардың дамуына, білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау қажеттігін атап өтеді. Сол себепті мемлекет жастардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып келеді. Қазіргі таңда елімізде жас кәсіпкерлерді, ғалымдарды, өнертапқыштарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы орайда бүгін Жаңатас қаласындағы Орталық саябақта «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты аудан әкімінің оқушылармен кездесуі өтті. Кездесуге ауданымыздағы көшбасшы жастар қатысты.
🔰Кездесу барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы жастарға жылы лебізін арнап, болашақтың кілті – жастардың қолында екенін айтты: – Сіздер келешегіміздің кілті – білімді, бәсекеге қабілетті жастарсыздар.Осы кездесуде – жаңа ойлармен, тың идеялармен бөлісетін, болашағымызды бірге бағдарлайтын маңызды сәт. Біздің заманымыз – білім мен технологияның, жаңашылдық пен озық ойдың заманы. Кез келген елдің табысты болуы – оның жастарының біліміне, еңбексүйгіштігіне және жаңашылдығына байланысты. Сіздер – еліміздің болашағысыздар! Әрқайсыңыз өз ісіңізде үздік болып, туған жерлеріңізді, еліңізді көркейтуге үлес қосасыздар деп сенемін, – деген аудан басшысы жастарға қашан да белсенді болуға шақырды. Жастар өз кезегінде өнерлерін көрсетіп, кездесудің көркін кіргізді. Аудан әкімі Сәкен Мамытов өнерлі оқушыларға кәдесыйларды естелік ретінде тапсырды. Кездесу сұрақ жауаппен алмасып жастар аудан басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1237346?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау