Демографиялық және медициналық көрсеткіштер
Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Жамбыл облысында күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,53 жасты құрап, жоспарланған деңгейге жақындады.
Өңірдегі демографиялық көрсеткіштерге көз жүгіртсек, бірқатар оң өзгерістер байқалады. Туу деңгейі 7,2%-ға төмендеп, 16,04-ті құрады. Табиғи өсім 4,4%-ға азайып, 10,89-ға жетті. Сонымен қатар, өлім-жітім 12,7%-ға төмендеп, 5,5-ке дейін қысқарды. Сәби өлімі де айтарлықтай азайып, 33%-ға төмендеді.
Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша жалпы ахуал оң сипатқа ие. Атап айтқанда, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын аурушаңдық 21,5%-ға төмендеді. Осы аурулардан болатын өлім-жітім де 16%-ға азайған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1237010?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау