ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ: «ҚАЗСУШАР» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы В.Н. Резников Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қазсушар» Шығыс Қазақстан филиалы ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге жалақыны уақытылы төлеу, еңбек құқықтарының сақталуы, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1237566?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version