Маңғыстау облысы Полиция департаменті күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұма және сенбі күндері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда.

Күшейтілген режим аясында Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп, есепте тұрған тұлғаларды және қолайсыз санаттағы отбасыларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша аралады.

Сонымен қатар «102» арнасына тұрмыстық жанжал бойынша хабарлама түскен отбасылармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары кәсіпкерлік нысандары мен дүкен иелерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы ақпарат беріліп, жеке деректер мен банк карталарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қырағылық танытуға және құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда полицияға хабарлауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DZUxzrJsSik/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1237165?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version