Маңғыстауда көші-қон қызметі қарияға құжат рәсімдеуде көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заңсыз-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторлары азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету бағытында жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара барысында инспекторлар құжаттарының қолданылу мерзімі өтіп кеткен І топтағы мүмкіндігі шектеулі 69 жасар қарияның тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері қарияны суретке түсіріп, жеке басын куәландыратын құжаттарын жаңарту үшін қажетті құжаттарды қабылдап, жаңа құжатты дайындау рәсіміне жан-жақты көмек көрсетті.

Аталған жұмыстар халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге, олардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызметтерді кедергісіз, уақтылы алуына жағдай жасауға бағытталған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады.

Халыққа қызмет ету — біздің басты міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1237428?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version