“Абай облысының Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті және “Қазақстан құрылысшылар одағы” Абай облысы бойынша филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен «Поток 8″ ЖШС мердігер ұйымы мен қосалқы мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шара өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында құрылыс және өндірістік нысандарда еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, қызметкерлерге нұсқама жүргізу, оларды жұмысты қауіпсіз орындау әдістеріне оқыту, сондай-ақ жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1236826?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау