Өңірлік сарапшылар кеңесінің үшінші отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 2–5 маусым аралығында Қырғыз Республикасында Орталық Азиядағы қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта бейімдеу мәселелері жөніндегі Өңірлік сарапшылар кеңесінің үшінші отырысы өтті.
Іс-шара Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің ұйымдастыруымен БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының, ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі бағдарламалық кеңсесінің және ЮНИСЕФ-тің Қырғыз Республикасындағы өкілдігінің қолдауымен өткізілді.
Отырысқа Өңірлік сарапшылар кеңесінің Атқарушы комитеті мен жұмыс топтарының мүшелері, Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық және өңірлік ұйымдар, азаматтық қоғам институттары, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта бейімдеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе және үздік практикалармен алмасты, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.
Қазақстан делегациясының мүшелері елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат пен қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта бейімдеу бағытында жинақталған тәжірибе туралы ақпарат ұсынды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және сарапшылық деңгейде өтіп, Өңірлік сарапшылар кеңесінің Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы ретіндегі маңызын тағы бір мәрте растады. Кеңестің келесі отырысы 2027 жылға жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-din/press/news/details/1237036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version