Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде маңызды 3 (үш) мәселе қаралды:
Мәжіліс барысында жауапты бөлім басшылары мен сала жетекшілері атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі мен алдағы кезеңге белгіленген міндеттер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, туындаған өзекті мәселелерді шешу бағытындағы нақты шаралар айқындалды.
Жиын барысында аудан әкімі көрсеткіштердің сапалы орындалуы, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуі, жұмыспен қамту шараларын күшейту және көктемгі әскерге шақыру жұмыстарын қорытындылау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Мәжіліс қорытындысында Азизхан Әзімханұлы жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жүктелген тапсырмалардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1236929?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау