ШҚО СЭБД-де АПВ-ға қарсы вакцинация туралы айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да 14 пен 17 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцина салынады.

Бұған дейін өңірде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны аясында 11-13 жастағы қыздарға 8 мың вакцина егілген болатын. Бүгінде олардың 4784-і вакцинацияның толық курсынан өтті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұрғындардан АПВ-ға қарсы вакцина алатындар санатын кеңейту туралы өтініштер жиі түсуде.

– Осыған байланысты профилактикалық шараларды күшейту мақсатында Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Енді АПВ-ға қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті түрде жүргізіледі. Вакцинация қыздың өзінің немесе ата-анасының, заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімімен білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі, – деді Сәуле Слямғазина.

Вакцинация төрт валентті «Гардасил» вакцинасымен арнайы схема бойынша жүргізіледі. Бірінші доза кез келген күні салынады, екінші доза – екі айдан кейін, үшінші доза – алғашқы егуден кейін алты ай өткен соң енгізіледі. Мамандар барлық үш дозаны бір жыл ішінде алып үлгеруге кеңес береді.

– Вакцина неғұрлым ерте салынса, соғұрлым тиімді болады, өйткені ағзада күшті иммундық жауап қалыптасады. АПВ-ға қарсы вакциналар қауіпсіз және жақсы қабылданады. Қолданылған уақыт ішінде денсаулыққа елеулі асқынулар тіркелген жоқ, – деді Сәуле Слямғазина.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Қазіргі таңда бұл вакцина әлемнің 135-тен астам елінің иммундау күнтізбесіне енгізілген. Ал Қазақстанда 2013-2015 жылдары 17 мыңнан астам қыз балаға екпе салынған.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1237279?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version