Тама–Тастанбектен тартылған ауызсу қала маңындағы екі ірі резервуарға толық жеткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тама–Тастанбектен тартылған ауызсу қала маңындағы екі ірі резервуарға толық жеткізілді.
Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Тама–Тастанбек» жерасты су көзінен су тарту жобасы – аудан тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастама. Бұл жоба Мемлекет басшысының халықты таза ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмаларын орындауға және аудан халқы алдындағы міндеттемелерді іске асыруға негізделген.
Қолданыстағы құрылыс, су ресурстарын пайдалану және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан жоба аясында 40 шақырымнан астам магистральды су құбыры тартылып, 14 терең ұңғыма қазылды, резервуарлар мен насос станциялары салынды. Бүгінде жерасты суы қала маңындағы екі ірі резервуарға толық жеткізіліп, жоба іске қосу алдындағы маңызды кезеңге өтті.
Аудан әкімі Арман Романұлының жүйелі бақылауы мен табанды ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталып, жобаның орындалу деңгейі 90 пайыздан асты. Бұл – Шардара өңірінің су қауіпсіздігін нығайтуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және болашақтағы су тапшылығы тәуекелдерін азайтуға бағытталған нақты нәтижелі жұмыс.
Жоба толық аяқталғаннан кейін Шардара қаласы мен 22 елді мекен тәулігіне 24 мың текше метр сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіледі. Осылайша, Арман Романұлы Қарсыбаевтың бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды жетістік ретінде тарихта өз орнын алады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1237804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version