ТІЖ ресімдеу тәртібінің сақталуына бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу тәртібінің сақталуына мынадай жағдайларда бақылау жүргізеді:
– Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру барысында;
– ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
– Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеттемесі мынадай мерзімдерде туындайды:
– Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;
– ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
– Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;
– ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ олардың нысандары, ресімдеу тәртібі және құжат айналымы уәкілетті органмен айқындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1237635?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version