Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған халықтардың тағдырына арналған бірлескен киножобаны жүзеге асыруға қатысып жатқан польша-германдық продюсерлік топтың өкілдерімен және қазақстандық суретші әрі жазушы Болат Мекебаевпен кездесті.
Кездесу барысында тарихи жады мәселелеріне, сондай-ақ соғыстың ауыр жылдарында жер аударылған поляктарға қолдау көрсеткен қазақ халқының рөліне ерекше назар аударылды.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін және Қазақстан мен Польшаның ортақ тарихи мұрасын сақтауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1237552?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау