Биыл Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының құрылғанына 5 жыл толды. Осы атаулы күнге орай мекеме ғимаратында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында орталықтың қолдауына ие болған әйелдердің қатысуымен жәрмеңке өтіп, орталықтың белсенді 5 отбасы арнайы марапатталды. Сонымен қатар балаларға арналған әндер шырқалып, аниматорлар мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз өнерлерін паш етті.
Айта кетейік, Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы КММ-сі өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыру және отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік, заңдық және психологиялық кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
Орталық мамандары 2026 жылдың 1 маусымына дейін 494 қызмет көрсетті. Оның ішінде 146 психологиялық, 15 құқықтық сондай-ақ 333 әлеуметтік бағыттағы көмек.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1236945?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау