10 маусым күні Бейімбет Майлин ауданында ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған «Мәдени мұраға қамқорлық – ұлт болашағына қамқорлық» аудандық мәдени-ағартушылық форумы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара мәдениет қызметкерлерін, тарихшыларды, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін және ұлттық мұраға жанашыр азаматтарды бір арнаға тоғыстырды. Қатысушыларға Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Қазбекқызы Нұғманова құттықтау сөз арнады.

Форум аясында «Мәдени мұра – ұлт қазынасы» атты аудандық көрме өз жұмысын бастады. Көрмеде аудандық тарихи-өлкетану музейі мен архивінің құнды құжаттары мен жәдігерлері, кітап көрмелері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің және өнер мектебінің жас суретшілерінің туындылары ұсынылды.

Қонақтардың ерекше қызығушылығын қыш өнері, киіз басу, ұлттық әшекей бұйымдарын жасау және домбыра дайындау бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына арналған танымдық дәрістер тудырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1238459?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version