2026 жылғы 4 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқас анықталған жағдайда әрекет ету бойынша оқу-жаттығуға Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Оқу-жаттығу барысында бекітілген құлақтандыру схемасы бойынша тиісті қызметтер жұмылдырылды. Шартты науқасты әуежайдың изоляторына оқшаулау, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері мен қаланың инфекционист-консультанттарының тексеруі, эпидемиологиялық анамнез жинауы, байланыста болған тұлғаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу, науқасты қаланың инфекциялық стационарына жатқызу, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандарымен қорытынды дезинфекция жүргізу іс-шаралары көрсетіліп, пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1238401?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version