Отбасы – мейірім мен сенімнің мекені. Ал сол шаңырақтағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау – қоғамның ортақ міндеті. Абай облысында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда тұр.
Абай облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Мейірбек Нұрекенов бұл бағыттағы жұмыстың басты мақсаты жазалау емес, қауіптің алдын алу екенін атап өтті.
«Әрбір шығарылған қорғау нұсқамасының артында көмек күткен адам, әрбір белгіленген ерекше талаптың артында қайталануы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсаты тұр. Біздің міндет – оқиғаға әрекет ету ғана емес, оның алдын алу. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап келеді», – деді ол.
Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, ол қоғамдағы жауапкершілік мәдениетінің көрсеткіші. Заң мен тәртіп қағидаты орныққан ортада ғана адамдар өзін қауіпсіз сезінеді, ал балалар мейірім мен қамқорлыққа толы ортада өседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236471?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау