Су айдындарында зардап шеккендерге көмек көрсету қағидалары бойынша Ұлттық ұлан әскери қызметшілері оқытылды
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері патрульдеуге тартылатын №5518 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне арналған практикалық сабақтар өткізіп, оларды су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздеріне оқытты.
Әскери қызметшілер суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдері бойынша шеберлік сабағынан өтті, сондай-ақ құтқару шеңбері мен Александр ұшын дұрыс қолдану тәртібін меңгерді. ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін, оның ішінде жүрекке жанама массаж жасау және жасанды тыныс алдыру тәсілдерін үйретті.
Құтқарушылар мен әскери қызметшілердің бірлескен жұмысы су айдындарындағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, сондай-ақ азаматтардың қаза болуына жол бермеу мақсатында уақтылы профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1235693?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау