2026 жылғы 3 маусымда «Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алаңында өндірістік жарақаттануды төмендету және құрылыс саласындағы еңбек жағдайларын бақылауды күшейту мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе өңірдегі құрылыс нысандарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған жұмыс тобын құру болды. Кеңеске Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1235660?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау