“Ақшағала” лагерінің бағдарламасы. Балаларға қосымша білім беру-үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі, білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие мен оқыту процесі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өзін – өзі дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау және дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және олардың дарындылығын дамыту, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Ақжайық ауданының білім бөлімінің “Балалар шығармашылығы орталығы “МКҚК өз жұмысын 2005 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Орталықта 17 бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді (сурет салу, қолөнер, вокал, домбыра, актер, репортер, робототехника, фотостудия, Ағаш өңдеу, зергерлік және пәндік үйірмелер). Сонымен қатар, Теректі ауданы Сары – Өмір ауылында орналасқан “Ақшағала” лагері оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-akzhaik/press/news/details/1235791?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау