2026 жылдың 4 маусым күні Ақжал кенті әкімдігі ғимаратында тұрғындармен кездесу өткізіліп, елді мекен үшін өзекті мәселелер талқыланды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымға шығару тәртібі, ауыз су тапшылығы және жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселелері көтерілді.
Кездесуге қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, мал жаю ережелерін сақтау, су ресурстарын тиімді пайдалану және жайылымдық жерлерді ұтымды игеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардың көтерген мәселелері бақылауға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Елді мекеннің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында тұрғындармен мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238262?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау