Astana Half Marathon жарысына әлемнің 30-дан астам елінен желаяқтар келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада 7 маусым күні Astana Half Marathon жартылай марафоны бесінші рет, мерейтойлық форматта өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын елордадағы ең ірі жүгіру жарысына әлемнің 30-дан астам елінен 7000 желаяқ келеді.

Astana Half Marathon жарысына almaty-marathon.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

Жарыстың мәресі «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңынан басталады. Бағыт елорданың негізгі урбанистикалық нысандары мен негізгі көрікті жерлерін қамтиды.

 ІС-ШАРА БАҒДАРЛАМАСЫ:

05:00 – старт-мәре қалашығының ашылуы; 

 05:30 – дене қыздыру жаттығулары; 

05:45 – 21,1 км қашықтыққа қатысушылардың, элиталық спортшылардың және «Экиден»; эстафетасының қатысушыларын сапқа тұрғызу; 

06:00 – 21,1 км қашықтықтың, элиталық; жарыстың және «Экиден» эстафетасының басталуы; 

06:20 – дене қыздыру жаттығулары; 

06:35 – 10 км қашықтыққа және скандинавиялық; жүріске қатысушыларды сапқа тұрғызу; 

06:50 – 10 км қашықтық пен скандинавиялық жүрістің басталуы; 

08:50 – марапаттау рәсімі; 

10:00 – мәре аймағының жабылуы; 

11:00 – іс-шараның ресми жабылуы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1235805?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version