«Өзіңнен баста!» экологиялық челленджін Ново-Хайрузовка ауылдық округі қабылдады!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округінің тұрғындары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Өзіңнен баста!» челленджіне қолдау білдіреді.
Табиғатты аялау, тазалықты сақтау және туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың ортақ міндеті. Таза ауыл, таза көше, таза табиғат – өзімізден басталады!
Біз барша тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғатты қорғауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз.
🌱 Тазалық – әрқайсымыздан басталады! 🌎 Табиғатты бірге қорғайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1237966?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау