Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы мен Департамент мамандары «Фарматека» ЖШС дәріханасы ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара халықтың дәрілік заттарды ұтымды қолдану, денсаулықты сақтау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға және фармацевтикалық сауаттылығын көтеруге бағытталды.
Ашық есік күніне дәрігер-кеңесші, сондай-ақ Bayer, OMRON және SANTO компанияларының өкілдері қатысты.
Келушілер үшін медициналық тақырыптағы 40 сұрақтан тұратын танымдық викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Дәрігер-кеңесші тұрғындарға жеке кеңестер беріп, психологиялық тестілеу жүргізді және оның нәтижелері бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында келушілерге антибиотиктерді ұтымды қолдану, өзін-өзі емдеудің қауіптері, дәрілік заттарды дұрыс қабылдау қағидалары және Тиісті дәріханалық практика (GPP) туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, дәрілік заттарды қауіпсіз қолдануы және ұтымды фармакотерапия қағидаттарын сақтауы жөніндегі білім деңгейін арттыруға ықпал етті.
Айта кету керек, «Фарматека» ЖШС өз қызметін дәріханалар желісі мен дәріхана қоймасы арқылы жүзеге асырады. Кәсіпорын нысандарының Тиісті дәріханалық практика (GPP) және Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарттарының талаптарына сәйкестігі сертификаттау рәсімдері барысында бірнеше рет расталған.
Іс-шара аясында Департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы «Фарматека» ЖШС басшысына Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігін растайтын екі сертификатты табыс етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1236046?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау