Ертіс ауылдық округіне қарасты Кенжебай, Крупское және Мұқыр ауылдарында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Ертіс өзенінің жағалауы бойымен арнайы ескерту белгілері орнатылды. Бұл белгілер шомылуға жабдықталмаған және суға түсуге қауіпті орындарды анықтап, тұрғындарға тыйым салынғанын ескертеді.
Мұндай шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Өйткені жабдықталмаған су айдындарының түбі тексерілмеген, ағысы қатты немесе жасырын иірімдері болуы әбден мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/1236100?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау