Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кентімізде ауқымды тазалық жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді.
Кез келген елді мекеннің мәдениеті мен тазалығы оның кіре беріс жолынан басталатыны белгілі. Осы ретте, кезекті экологиялық шара кентіміздің кіре беріс жолының бойын тазартуға бағытталды.
Тазалық жұмыстарының барысында:
📌 Жол жиектеріндегі шашылған тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтар толық жиналды;
📌 Жабайы шөптер мен бұталар ретке келтірілді;
📌 Кентке кіре беріс аумақтың эстетикалық ажары ашылып, ретке келтірілді.
Ауылымыздың қақпасы саналатын кіре беріс жолдың таза әрі көркем болуы — әрбір тұрғын мен қонақ үшін жағымды әсер қалдырады. Бұл бағыттағы жұмыстар тек сыртқы келбетті жақсарту емес, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы.
Туған өлкеміздің тазалығына бейжай қарамай, ортақ үйіміздің көркейіп-гүлденуіне үлес қосып жүрген барша тұрғындар мен мекеме ұжымдарына алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238141?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау