Көлік салығын уақытылы төлеу қажеттілігі туралы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Құрметті салық төлеушілер!

 

Әулиекөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты уақтылы төлеу қажеттігін еске салады.

 

Салық берешегі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуын болдырмау үшін төлемді қысқа мерзімде төлеуіңізді сұраймыз.

 

Берешек сомасы туралы ақпаратты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталы немесе мемлекеттік кірістер органдары арқылы алуға болады.

 

Салықтарды уақтылы төлеу өсімпұлдың есептелуін, хабарламалардың жіберілуін және берешекті өндіріп алу шараларының қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне аласыз.

 

Құрметпен, Әулиекөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/1238113?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version