Конституциялық кепілдік: Еңбек инспекциясы заң бұзған 244 кәсіпорынды анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дереккөз: https://youtu.be/GiGeeYlQfLA?si=FYOcNN2nEPZ5hJey

Ата Заңға енгізілген өзгерістерден кейін еңбек саласына қойылатын талаптар күшейе түскен.  ҚР Конституция аясында әрбір азаматтың қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы және әлеуметтік қорғалу құқығы нақты айқындалған. Сондай-ақ жұмыс берушілердің жауапкершілігі артып, еңбек заңнамасын сақтауға бақылау күшейтілген.

Жұмыс кезінде туындауы мүмкін дауларды шешу тетіктері де жетілдірілген. Қызметкер өз құқығы бұзылған жағдайда, тиісті органдарға жүгіну мүмкіндігі нақтыланып, арыздарды қарау мерзімі мен тәртібі жүйеленген.

Дегенмен, мамандар заңның тиімділігі тек қабылдануымен емес, оның орындалуымен өлшенетінін айтады. Еңбек қатынастарында заң талаптары толық сақталған жағдайда ғана өзгерістер нақты нәтиже береді. Ал бұл жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтық мәдениетіне де байланысты көрініс табады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1238159?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version