Полиция велосипедпен жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгілінде велосипед пен электрсамокат пайдаланушылар саны айтарлықтай артады. Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Тәртіп сақшылары жолға шығар алдында қорғаныш дулығасын киіп, көлік құралының техникалық жағдайын мұқият тексеруге кеңес береді. Атап айтқанда, тежегіш жүйесі, руль, дөңгелектер және жарық беру құрылғылары толықтай жарамды болуы қажет.

Сонымен қатар велосипедшілер арнайы веложолақтармен қозғалып, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауы тиіс. Жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде велосипедтен түсіп, жолды жаяу кесіп өткен жөн.

Полиция қозғалыс барысында ұялы телефон пайдаланудан, құлаққап тағудан және жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін қауіпті маневрлер жасаудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары азаматтарды жол қозғалысы мәдениетін сақтауға, өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға үндейді.

https://www.instagram.com/p/DZMh7G8CkeZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1236174?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version