Полиция велосипедпен жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгілінде велосипед пен электрсамокат пайдаланушылар саны сөзсіз артады. Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады. Тәртіп сақшылары жолға шығар алдында қорғаныш дулығасын киіп, велосипедтің техникалық жағдайын тексеруге кеңес береді. Тежегіш жүйесі, руль, дөңгелектер мен жарық беру құрылғылары жарамды болуы тиіс. Сондай-ақ велосипедшілер арнайы веложолақтармен жүріп, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде велосипедтен түсіп, жолды жаяу кесіп өткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1238076?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version