Приозерск қаласында жаңа балабақша бой көтеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары салынып жатқан балабақша құрылысының барысымен танысты. Аталған нысан – 320 орынға арналған үш қабатты балабақша.                                                                            Жобаға сәйкес ғимараттың айналасы толық абаттандырылып, балалар ойын алаңдары орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолдарына брусчатка төселіп, аумаққа асфальт жабындысы салынады және автокөліктерге арналған тұрақ қарастырылған.                                                                                     Нысанның құрылысын мердігер ұйым – «ЕділСтройСервис» ЖШС жүзеге асыруда.    Қазіргі уақытта құрылыс алаңында іргетасқа арналған қалыптарды (опалубка) монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар құрылыс алаңы қоршалып, қазаншұңқыр толық қазылған және нысанға қажетті көлемде құрылыс материалдары жеткізілген.                                Құрылыс алаңында қазіргі таңда 10 жұмысшы еңбек етуде. Сондай-ақ жұмыстарды жүргізуге 7 арнайы техника жұмылдырылған.                            Депутаттар құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, нысанның сапалы әрі құрылыс талаптарына сәйкес жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар бұл әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы алдағы уақытта олардың тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.                       Мердігер тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражаттың әлі бөлінбегені айтылды. Осыған байланысты қаржыландыру мәселесі облыстық деңгейде көтеріліп, қажетті қаражатты қарастыру жөнінде облыстық мәслихатқа тиісті хат жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1235862?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version