«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарақия аудан прокуратурасының бастамасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Болашақ ауылы «алкогольсіз ауыл» деп танылды.
Осыған орай, өзара ынтымақтастықты көздейтін Меморандум жасалды.
Меморандум – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің ортақ жауапкершілігі мен өзара ынтымақтастығының нақты көрінісі.
Ауыл кәсіпкерлері де, игі бастаманы қолдап, азаматтық ұстаным танытты.
Аталған құжат аясында тараптар ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатуға және тұтынуға жол бермеу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруға келісті.
Бұл бастама ауылдағы құқықтық тәртіпті сақтау мен тұрмыс деңгейін арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1236202?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау