Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» базасында мекеме қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында өрттің алдын алу шаралары, төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет ету алгоритмдері, эвакуациялау тәртібі, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану жолдары түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық іс-шараларды өткізу ерекше қажеттіліктері бар балаларға оңалту қызметтерін көрсететін орталық қызметкерлерінің білімін арттырып, практикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ мекемедегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1235734?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау